Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры «Smart технологии в инженерии» кафедрасының өкілдері халықаралық ғылыми конференцияға қатысты
05 Қазан 2026                  191
«Smart технологии в инженерии» кафедрасының өкілдері халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

2026 жылғы 3–5 қараша аралығында Алматы қаласында механика ғалымдары мен инженерлерінің Дүниежүзілік конгресі өтті. Осы ауқымды ғылыми іс-шара аясында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің базасында «Ғылыми-техникалық және инженерлік кадрларды даярлау: заманауи тәсілдер мен технологиялар» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Конференцияның ұйымдастыру жұмыстарына Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Smart технологии в инженерии» кафедрасының меңгерушісі Бактыбаев Мурат Кыргызбаевич жетекшілік етті.

Халықаралық ғылыми конференцияға «Smart технологии в инженерии» кафедрасының магистранттары да белсенді қатысты. Іс-шара барысында жас зерттеушілер ғылыми тәжірибе алмасып, заманауи инженерлік білім беру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

Конференцияның басты мақсаты – ғалымдар, оқытушылар және жас зерттеушілер арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту, жаңа идеялармен алмасу және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.

Халықаралық конференцияны ұйымдастыруға кафедра меңгерушісі Бактыбаев Мурат Кыргызбаевичтің жетекшілік етуі және магистранттардың ғылыми іс-шараға қатысуы «Smart технологии в инженерии» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына, жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға және университеттің халықаралық ғылыми ортадағы беделін нығайтуға ықпал етеді.