2026 жылғы 3–5 қараша аралығында Алматы қаласында механика ғалымдары мен инженерлерінің Дүниежүзілік конгресі өтті. Осы ауқымды ғылыми іс-шара аясында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің базасында «Ғылыми-техникалық және инженерлік кадрларды даярлау: заманауи тәсілдер мен технологиялар» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.
Конференцияның ұйымдастыру жұмыстарына Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Smart технологии в инженерии» кафедрасының меңгерушісі Бактыбаев Мурат Кыргызбаевич жетекшілік етті.
Халықаралық ғылыми конференцияға «Smart технологии в инженерии» кафедрасының магистранттары да белсенді қатысты. Іс-шара барысында жас зерттеушілер ғылыми тәжірибе алмасып, заманауи инженерлік білім беру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.
Конференцияның басты мақсаты – ғалымдар, оқытушылар және жас зерттеушілер арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту, жаңа идеялармен алмасу және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.
Халықаралық конференцияны ұйымдастыруға кафедра меңгерушісі Бактыбаев Мурат Кыргызбаевичтің жетекшілік етуі және магистранттардың ғылыми іс-шараға қатысуы «Smart технологии в инженерии» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына, жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға және университеттің халықаралық ғылыми ортадағы беделін нығайтуға ықпал етеді.