Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Бірінші курс студенттерін қабылдау кеші
02 Қараша 2026                  136
Бірінші курс студенттерін қабылдау кеші

2026 жылғы 2 қарашада Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) бірінші курс студенттерін қабылдауға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, бірінші курс академиялық топтарының эдвайзерлері мен студенттері қатысты.

Мерекелік кеш бірінші курс студенттерінің университет ортасына бейімделуіне, жаңа достық қарым-қатынастар орнатуына және студенттік өмірге белсенді араласуына ықпал етті. Іс-шара студенттерге оқу орнындағы алғашқы әсерлерімен бөлісіп, бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен эдвайзерлерінің студенттермен бірге осындай іс-шараларға қатысуы өзара қарым-қатынасты нығайтуға, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға және студенттердің қоғамдық-мәдени белсенділігін қолдауға бағытталған.

Бірінші курс студенттерін қабылдау кеші жастардың студенттік өміріндегі есте қаларлық оқиғалардың бірі болды.