«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының бірінші курс студенттерімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған эдвайзерлік сағат өткізілді.
Іс-шараға кафедраның бірінші курс студенттері мен топ эдвайзерлері қатысты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған негізгі бағыттар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім мен ғылымды жетілдіру, жастардың қоғамдағы рөлі және болашаққа бағытталған маңызды міндеттер талқыланды.
Эдвайзерлер студенттерге Жолдаудың негізгі мазмұнын түсіндіріп, онда көтерілген мәселелердің жастардың білім алуына, кәсіби қалыптасуына және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпалына назар аударды.
Іс-шара барысында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, ел болашағы, жастардың қоғамдық белсенділігі және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ой алмасты.
Эдвайзерлік сағат студенттердің азаматтық санасын қалыптастыруға, ел дамуының басым бағыттары туралы түсініктерін кеңейтуге және қоғамдық өмірге белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталды.