Главная Новости Шекарасыз әлем, кедергісіз білім: ХИТУ-де Халықаралық студенттер күні ерекше аталып өтті!
17 Қараша 2026                  45
Шекарасыз әлем, кедергісіз білім: ХИТУ-де Халықаралық студенттер күні ерекше аталып өтті!

Мереке жеріміздің түкпір-түкпірінен келген студенттердің басын қосып, мәдениеттер диалогы мен өзін-өзі көрсетудің шынайы алаңына айналды.Жаһандық білім беру жолындағы тарихи қадам. 

Жаһандық білім беру жолындағы тарихи қадам. Күннің басты академиялық оқиғасы ХИТУ мен Цзянсу университеті арасындағы қос дипломды білім беру туралы келісімге ресми қол қою болды. Бұл стратегиялық альянс біздің студенттерімізге бірегей мүмкіндіктер ашады: ауқымды академиялық ұтқырлық, қос диплом және әлемдік озық білім кеңістігіне еркін қолжетімділік.

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасы оқытушыларының қолдауымен дайындалған екі театрализацияланған қойылым ерекше назар аударды. Олар қызықты шығармашылық өнер көрсетіп қана қоймай, студенттің күнделікті өмірі туралы ағылшын тілінде сахналық көрініс ұсынды. Қатысушылар әзіл, артистизм және ерекше шеберлік арқылы өздерінің тілдік және шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, студенттік күндердің атмосферасын шынайы жеткізе білді. «Толық адам» философиясы арқылы көрініс тапқан мәдениеттер бірлігі . Мерекенің шарықтау шегі әлемнің 15 елінен келген студенттер қатысқан таңғажайып шығармашылық перформанс болды. Қойылымға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың терең философиялық «Толық адам» тұжырымдамасы шабыт көзі болды. Өнердің, адамгершіліктің, еңбекқорлықтың, рухани дамудың және өзара сыйластықтың үйлесімі арқылы жастар ұлттық ерекшеліктердің бір-бірімізді байыта түсетінін, ал жалпыадамзаттық құндылықтар мен білімге деген ұмтылыс баршамызды біртұтас етіп біріктіретінін нақты дәлелдеді.