Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Ұлт рухын оятқан мұра – Міржақып Дулатұлы
17 Қараша 2026                  30
Ұлт рухын оятқан мұра – Міржақып Дулатұлы

Ұлт тарихында елінің болашағы үшін күресіп, халықтың санасын оятуға бар күшін арнаған тұлғалар аз емес. Солардың бірі – қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, ағартушысы әрі Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы.

Осыған орай 17 қараша 2026 жылы METU университетінде «Атамекен» тарихи -танымдық үйірме мүшелері Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын зерделеп, кітаптарына тарихи-әдеби талдау жұмыстарын талқылады. Үйірме жетекшісі  «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының лекторы Нуртазаева А.Б. жастардың тарихи санасы мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру бағытында жасалынған жұмыстарға тоқталып өтті.

Студенттер қаламгердің «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал» секілді құнды еңбектерін талдай отырып, сол кезеңдегі қазақ қоғамының жағдайын, халықтың арман-мүддесін, білім мен бостандыққа деген ұмтылысын тереңірек танып-білуде.

Бұл бастаманың басты мақсаты – жастардың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұлы тұлғалардың мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау.

Міржақып Дулатұлының еңбектері – бүгінгі ұрпаққа қалдырылған баға жетпес рухани мұра. Оның елге қызмет ету, білімге ұмтылу және ұлт болашағына жауапкершілікпен қарау идеялары бүгін де өз маңызын жоғалтқан жоқ.