«Агора» философиялық студенттік клубының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 12
қарашада «Қазіргі жастардың рухани құндылықтары: дәстүр мен заманауи өмір үйлесімі»
тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны
оқытушы Абу Ә.Н. ұйымдастырып, оған РЭТ 24-1к, РЭТ 24-1.2к, ТУР 24-1к, ПИ 24-1к
және ПИ 24-1.4к топтарының студенттері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қазіргі жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын философиялық тұрғыдан зерделеу, ұлттық дәстүр мен заманауи қоғам талаптарының өзара байланысын талқылау, сондай-ақ жастар арасында сыни ойлау мен пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында студенттер тақырып аясында өз баяндамаларын ұсынып, дәстүрлі құндылықтардың қазіргі қоғамдағы маңызы, ұлттық бірегейлік, рухани сабақтастық, жаһандану үдерісінің жастар дүниетанымына ықпалы, отбасы институты, адамгершілік қағидаттары мен заманауи өмір салты секілді өзекті мәселелерді талқылады.
Баяндамалардан кейін қатысушылар арасында еркін пікір алмасу
ұйымдастырылып, ұсынылған тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, әртүрлі
көзқарастар ортаға салынды. Студенттер дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасы,
ұлттық мәдени мұраны сақтау және оны қазіргі заман талаптарымен үйлестіру
мәселелері жөнінде өз ой-пікірлерін білдірді. Іс-шара барысында жастардың
рухани құндылықтарын сақтау тек өткен мұраны құрметтеумен шектелмей, оны
қазіргі қоғамдық өмірмен сабақтастыра отырып дамыту қажеттігі атап өтілді.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар рухани құндылықтар, ұлттық
сана және заманауи дүниетаным мәселелері бойынша өзара пікір алмасып,
философиялық талдау мен ашық дискуссияның маңыздылығын көрсетті. Осындай
іс-шаралар студенттердің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, өзіндік көзқарасын
қалыптастыруға және академиялық пікірталас мәдениетін дамытуға ықпал етеді.