18–19 қараша күндері жаһандық ынтымақтастықтың көкжиектерін, адами капиталды дамыту және жаңа буын инженерлерін даярлау мәселелерін талқылау үшін білім беру, озық ғылым және бизнес-қоғамдастық көшбасшыларының басын қосатын басты алаң — III Халықаралық стратегиялық серіктестер форумы өтуде.
Форум жұмысына Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің Ректоры Дархан Берікұлы Ақпанбетов қатысуда. Іс-шараның маңызды кезеңі ретінде академиялық қоғамдастығымыз үшін жаңа халықаралық мүмкіндіктер ашатын айтулы келісімдерге қол қойылды: Цзянсу технологиялық университетімен (Цзянсу, Қытай) қос дипломды білім беру бағдарламасы туралы келісім және Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетімен (Баку, Әзербайжан) өзара әріптестік туралы меморандум.
Форум стратегиялық альянстарды тереңдетуге, озық әлемдік тәжірибе алмасуға және білім, ғылым мен индустрия арасындағы тиімді синергияны қалыптастыруға арналған маңызды тұғырнама болып табылады. Мұндай халықаралық серіктестіктер инженерлік-технологиялық сектордың дамуына қуатты серпін беріп, білім беру бағдарламаларын байытады және ертеңгі өнеркәсіпті қалыптастыруға дайын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Біз білім, инновациялар және стратегиялық серіктестік арқылы инженерлік-технологиялық саланың болашағын бірге қалыптастырамыз!