2026
жылғы 4 қыркүйекте «Биохимиялық инженерия» кафедрасының студенттеріне арналған
шеберлік сабағы өтті. Кездесу мамандық, кәсіби тәжірибе және жетістікке жету
жолы туралы ашық әрі мазмұнды диалог алаңына айналды.
Кездесудің
құрметті қонақтары – жоғары санатты эндохирург дәрігер, медицина ғылымдарының
докторы, профессор, онколог Рүстем Қалимұлы Медеубаев және ультрадыбыстық
диагностика маманы, жоғары санатты дәрігер, «Алтын Дәрігер» құрметті атағының
иегері Таир Қалимұлы Медеубаев болды.
Кездесу
алғашқы минуттардан бастап жылы әрі еркін атмосферада өтті. Дәрігерлер кәсіби
жолдарының басталуы, мамандықтағы алғашқы қадамдары, кездескен қиындықтары,
маңызды шешімдері және кәсіби жетістіктерге жетуге көмектескен тәжірибелері
туралы ашық әңгімеледі.
Студенттердің
ерекше қызығушылығын дәрігерлердің тәжірибесінен алынған нақты оқиғалар
тудырды. Студенттер мұқият тыңдап, белсенді түрде сұрақтар қойып, заманауи
медицина, технологиялар және кәсіби даму мәселелерін талқылады.
Кездесу
мазмұнды әрі интерактивті форматта өтті. Қонақтардың кәсіби тәжірибесі жаңа
сұрақтар мен қызықты пікірталастарға негіз болды. Студенттер үшін бұл тек
оқулықтардан ғана емес, күнделікті медициналық тәжірибеде нақты сын-қатерлермен
бетпе-бет келетін мамандардың өз аузынан білім алудың ерекше мүмкіндігі болды.
Мұндай
кездесулер студенттерді шабыттандырып, кәсіби дүниетанымын кеңейтеді және
болашақ биоинженерлерге алған білімдері мен таңдаған мамандықтарының қандай
мүмкіндіктерге жол ашатынын тереңірек түсінуге көмектеседі.