Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «ЖАМБЫЛ МҰРАСЫ – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖҮРЕГІНДЕ»
19 Қараша 2026                  51
«ЖАМБЫЛ МҰРАСЫ – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖҮРЕГІНДЕ»

Ұлы ақынның өлеңдері мен жырларын жас ұрпақ жүрегімен жеткізетін поэзиялық тағылым кеші

2026 жылғы 19 қарашада Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері" кафедрасының "Қазақ тілі" пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен Ұлы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай ИТвЭЭ-26-1р/о, БТ-26-1.1р/о, БИО-26-1.2р, СС-26-1р, Хтов-26-1р, ТиПП-26-1р, Пиап-26-1р 1-курс студенттерінің қатысуымен «Жамбыл мұрасы – жас ұрпақтың жүрегінде» атты әдеби-танымдық, поэзиялық тағылым кеші өткізілді.

Іс-шара барысында студенттер Жамбыл Жабаевтың жырларымен қатар Абай Құнанбайұлы мен Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа оқып, қазақ поэзиясының үш алып тұлғасының шығармашылық мұрасын ұлықтады. Ұлы ақындардың өлеңдерін мәнерлеп, шабытпен орындау арқылы жас буын көркем сөздің құдіретін танытты.

Кеш барысында Ұлы Жамбылға арнап күй тартылып, ән шырқалды. Қазақтың әсем әуені мен поэзиясы үндескен ерекше сәттер кештің рухани мазмұнын байыта түсті.

Сонымен қатар студенттер Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм тамашалап, ақынның өнегелі өмір жолы мен халық әдебиетіндегі орны туралы танымдық мәліметтер алды. Викториналық бөлімде Жамбылдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен ізденістерін көрсетті.

Поэзия, ән, күй және танымдық сайыс тоғысқан бұл кеш жас ұрпақтың әдеби танымын кеңейтіп, ұлттық рухты ұлықтауға, ұлы тұлғалардың мұрасын құрметтеуге бағытталған тағылымды басқосу болды.

Жамбылдың жыры – халықтың үні, Абайдың сөзі – даналықтың өлшемі, Мағжанның поэзиясы – ұлт рухының асқақ көрінісі. Ұлы мұра ұрпақ жүрегінде мәңгі жасай берсін!