Главная Новости AI IN ENGINEERING METU 2026: ХАКАТОННЫҢ БІРІНШІ КҮНІ — ҮЛКЕН ИДЕЯЛАРДЫҢ БАСТАУЫ!
20 Қараша 2026                  49
AI IN ENGINEERING METU 2026: ХАКАТОННЫҢ БІРІНШІ КҮНІ — ҮЛКЕН ИДЕЯЛАРДЫҢ БАСТАУЫ!

200-ден астам қатысушы, 70-тен астам команда және үш бағыт — ауқымды технологиялық сайыс басталды!

METU-де Қазақстанның әр өңірінен келген 200-ден астам қатысушы мен 70-тен астам команданы біріктірген AI IN ENGINEERING METU 2026 хакатонының салтанатты ашылуы өтті.

Хакатонның алғашқы күні қарқынды жұмысқа, тәжірибе алмасуға және инновациялық шешімдерді іздеуге жол ашты. Қатысушылар хакатонның өткізілу тәртібімен, жарыс бағыттарымен және жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы шешуді қажет ететін өзекті міндеттермен танысты.

Биыл командалар үш бағыт бойынша бақ сынайды:

  • AI for Digital Economy & Smart Business

  • AI for Smart Campus

  • AI for Green Technologies and Health Care

Хакатон барысында серіктес компаниялардың рөлі ерекше. Олар нақты салалық мәселелерге негізделген тапсырмаларды әзірледі. Сонымен қатар компания өкілдері сарапшылар мен қазылар алқасының мүшелері ретінде қатысып, ұсынылатын шешімдердің практикалық маңыздылығы мен қолдану мүмкіндіктеріне назар аударады.

Тапсырмалармен танысқаннан кейін командалар белсенді жұмысқа кірісті: идеяларды талқылап, міндеттерді шешу жолдарын қарастырды, өзара рөлдерді бөлісіп, алғашқы прототиптерін әзірлеуге кірісті. Алда — қарқынды командалық жұмыс, тәжірибе жасау және жаңа технологиялық шешімдерді іздеу кезеңі.

Бірінші күн — идеядан нақты шешімге бастайтын жолдың алғашқы қадамы.

AI IN ENGINEERING METU 2026 жас инженерлерге, әзірлеушілерге және жаңашыл жастарға өз әлеуетін көрсетуге, жаңа тәжірибе жинақтауға және заманауи индустрия үшін маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін орта қалыптастырады.

Үлкен идеялар алғашқы қадамнан басталады. Ал бұл қадам жасалды!

Хакатон жаңалықтарын бақылап отырыңыздар — алда тың шешімдер мен технологиялық жаңалықтар күтіп тұр!