Главная Новости «Кітап оқитын ұлт»: METU-де Міржақып Дулатұлының 180 жылдығына арналған әдеби танымдық іс-шара.
24 Қараша 2026                  22
«Кітап оқитын ұлт»: METU-де Міржақып Дулатұлының 180 жылдығына арналған әдеби танымдық іс-шара.

     METU университет кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, ағартушысы және Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 180 жылдық мерейтойына арналған әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Міржақып Дулатұлының шығармашылық мұрасын насихаттау, студенттердің қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында студенттер ақынның өлеңдерін жатқа оқып, оның шығармаларындағы елдік, білім, азаттық пен ұлттық рух идеяларын жеткізді. Сонымен қатар, қатысушылар өздері оқыған кітаптарымен алмасып, бір-біріне әдеби шығармаларды ұсынып, кітап оқу мәдениеті мен оқырмандық ынтымақтастықты қалыптастыруға үлес қосты.

Іс-шара аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіне Міржақып Дулатұлының шығармалары, өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған кітаптар, газет-журнал материалдары қойылды. Көрме қатысушыларға ұлт зиялысының өмір жолы мен әдеби мұрасын танып, тарихи-танымдық білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Осындай әдеби-танымдық кездесулер жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, ұлттық әдебиетке құрметін қалыптастыруға және рухани мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.

METU университет кітапханасы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында оқырмандарды кітаппен жақындастыру, әдеби мұраны насихаттау және студенттердің рухани дамуына бағытталған іс-шараларды жалғастыруда.