2026 жылғы 18–22 қараша аралығында
Түркияның Анкара қаласында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік
университетінің Жоғары аударма мектебінің базасында «Өзгермелі әлемдегі шет
тілдік білім беру» атты III Халықаралық семинар өтті.
Халықаралық ғылыми-білім беру
іс-шарасына Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жаныл Аубакировна Тукебаева қатысты.
Семинар аясында Жаныл
Аубакировна «Орыс тілі пәндері бойынша сабақтардағы қазіргі қытай
аудиториясының әлеуметтік-психологиялық портреті: мотивация, күтілімдер және
кедергілер» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.
Баяндамада қытай студенттерінің
білім алуға деген ынтасы, білім беру үдерісінен күтетін нәтижелері, сондай-ақ
орыс тілін шет тілі ретінде меңгеруіне ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық
және лингводидактикалық факторлар қарастырылды.
Семинарға қатысу ғылыми зерттеу
нәтижелері мен кәсіби тәжірибені халықаралық деңгейде таныстыруға, шет тілдерін
оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға және әртүрлі елдердің ғалымдары мен
оқытушыларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Мұндай халықаралық ғылыми
кездесулер академиялық байланыстарды нығайтуға, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға
және шет тілдерін оқытудың заманауи әдістерін жетілдіруге ықпал етеді.
Университет оқытушыларының
халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуы академиялық ұтқырлықты дамытуға,
халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және білім беру мен ғылыми-зерттеу
қызметінің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі болып
табылады.