Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ПОЭЗИЯМЕН ӨРІЛГЕН ТАҒДЫР: «МҰҚАҒАЛИ. МУЗАҒА» РУХАНИ-МӘДЕНИ ҚОЙЫЛЫМЫ
26 Қараша 2026                  73
ПОЭЗИЯМЕН ӨРІЛГЕН ТАҒДЫР: «МҰҚАҒАЛИ. МУЗАҒА» РУХАНИ-МӘДЕНИ ҚОЙЫЛЫМЫ

2026 жылғы 26 қарашада Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің 1-курс студенттері қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали. Музаға» қойылымын тамашалады. Мәдени іс-шараға ТиПП-26-1р, ПиАП-26-1р, СС-26-1р және ХТОВ-26-1р топтарының студенттері қатысты. Іс-шара «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының «Қазақ тілі» пәнінің оқытушысы М. Игілікованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Қойылымның басты мақсаты – студенттерге қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық мұрасын тереңірек таныту, ақын поэзиясы арқылы ұлттық руханияттың құндылықтарын дәріптеу, жас ұрпақтың көркем әдебиетке және театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру.

Қойылым барысында студенттер ақынның өмір жолы мен шығармашылығына тереңірек үңіліп, оның өлеңдеріндегі туған жерге, елге, адамзатқа деген сүйіспеншілікті, өмір мен уақыт туралы философиялық толғаныстарды сахналық қойылым арқылы сезінді.

Қойылымды тамашалау студенттер үшін тек мәдени демалыс қана емес, сонымен қатар қазақ әдебиеті мен ұлттық өнердің құндылықтарын тереңірек түсінуге бағытталған тағылымды тәжірибе болды. Театр өнері арқылы әдеби шығарманы қабылдау студенттердің рухани дүниесін байытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, ана тіліне, ұлттық мәдениет пен әдеби мұраға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

Осындай мәдени-танымдық іс-шаралар білім алушылардың жан-жақты дамуына, олардың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, рухани дүниесі бай тұлға болып қалыптасуына зор мүмкіндік береді.

Мұқағали – бір дәуірдің ғана емес, барша қазақ халқының жүрегінен орын алған мәңгілік ақын. Оның жырлары – ұлттың үні, халықтың мұңы мен қуанышы, адамзаттық асыл сезімдердің көркем шежіресі. Ақынның «Үш бақытым» деп жырлаған туған тілі, халқы мен Отанына деген сүйіспеншілігі бүгінгі жас ұрпақ үшін де үлкен өнеге. Өйткені ақын өмірден өтсе де, оның өлеңдері өміршеңдігін жоғалтпайды. Мұқағали мұрасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғаған рухани алтын көпір, ал оның жырлары – уақытпен бірге жасай беретін мәңгілік мұра.