Тұғыры биік туған тілім киелі.
«Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығымен бекітілген тізбеге сәйкес қыркүйек айының үшінші жексенбісі «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні» болып белгіленгенді.
Осыған орай 19 қыркүйек күні ҚазИТУ-да Қазақстан Халықтарының тілдер күні мерекесіне арналған мерекелік шара өтті. Ел президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейту керектігін айтқан болатын. Қазақ тілін ұлықтап, өзге тілге құрмет көрсетуге баулитын бұл шараны жастар ұйымдары комитеті мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастырды.
Мерекелік шараны университетіміздің оқужәне ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Д.Б.Ақпанбетов құттықтау сөзімен ашты. Кешті 1-курс студенттері Алимбаев Ислам, Утешова Лунара, Тасымова Алуа үш тілде жүргізсе, Кыняз Азамат, Нугманова Диана әсем әннен шашу шашты.
2020-жыл Абай Құнанбайұылының туғанына 175 жыл толып отыр. Осы орайда Серікова Аида, Абдыкулова Ақгүл Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін ағылшын тілінде шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қазақстан ұлт пен ұлысын ұлықтаған көп ұлтты мемлекет. Мерекелік шарада студенттеріміз әр түрлі ұлт өкілдері өз тілінде өлең оқуы осының бір дәлелі.
Шара соңы Міркен Рауан мен Серікова Аиданың «Бәріміз бірге» әнімен аяқталды.
Қазақстан Халықтарының тілдер күні мерекесі құтты болсын!
Студенттік баспасөз қызметі.