Жас талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауда, түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсету мақсатында республикалық «ҚазИТУ-Зерде» пәндік олимпиадасы қатарынан 3-інші жыл ұйымдастырылды.
Олимпиадада әрбір оқушы өз таңдаған бағыты бойынша үздік нәтиже көрсеткен жағдайда университеттің грантына ие болады. Олимпиада тестілеу форматында 6 кластерде: физика, математика, география, химия, биология, ағылшын тілі пәндерінен болады.
Биылғы жылға олимпиада қазіргі таңда республикамыздың әр аймағында жүргізіліп жатыр.