5-ақпан 2020 жыл Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде ректор Г.А.Сарсенбекованың белсенді студенттермен кездесуі өтті. Алтын белгі, президенттік шәкіртақы иегерлері, топ старосталары мен Жастар ұйымдары комитетінің белсенді студенттері ректор қабылдауында болды. Кездесу барысында алдағы уақытта университетте жүзеге асырылатын іс-шаралар жайы талқыланды. Соның ішінде ғылыми-иновациялық орталықтың ашылуы мен студенттердің ғылыми жобалармен айналысу маңыздылығына тоқталды.