ҚазИТУ-да "Коронавирус және оның алдын алу"тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті "Асмед-2" ЖШС жанындағы "Жастар денсаулық орталығы" үйлестірушісі Несибели Ержанқызы Молдажарова өткізді.
Несибели Ержанқызы студенттерге және оқытушыларға коронавирустық инфекцияға күдікті белгілері, алдын алу шаралары, іс-әрекеттері туралы айтып берді.
Сондай-ақ, зардап шеккен науқастарға медициналық көмек көрсету алгоритмімен таныстырды.
Қатысушылар ақпаратты мұқият тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.