Главная Новости ҚазИТУ студенті аудандық «Jas Otan» ЖҚ-ның төрайымы атанды.
20 ақпан 2020                  2371
ҚазИТУ студенті аудандық «Jas Otan» ЖҚ-ның төрайымы атанды.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Jas Otan» жастар қанатының Бостандық аудандық төрайымын сайлау конференциясы өтті. Конференцияға ҚазИТУ ректоры Г.А.Сарсенбекова, «Нұр Отан» партиясының Бостандық ауданы филиалының бірінші орынбасары Б.М.Жамбылов, Алматы қаласы «Jas Otan» жастар қанаты төраға орынбасары Б.Б.Шербаева, Бостандық аудандық ЖОО белсенділері мен университетіміздің Жастар ұйымдары комитетінің белсенді студенттері қатысты.

Жиынды ашқан ректор Гүлнар Әлібекқызы әрдайым жастар бастамаларын қолдайтындығын және еліміздің болашағын көркейтетін жастарға үлкен сенім артатындығын жеткізіп, жастарының жан-жақты дамуы мен олардың зияткерлік және нақты әлеуетін, мәдениеті мен белсенділігін арттырып игі істерге бағыттауда «Jas Otan» жастар қанатының рөлі жоғары екендігін атап өтті. «Nur Otan» пар¬тиясы Бостандық аудандық төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Мұратханұлы «Jas Otan» жастар қанатын партияның негізгі тірегі деп атады. Қазақстанның барша жас¬тарымен жұмыс істеуде, жас буынды қоғамдық іс-шара¬ларға жұмыл¬дырып, белсенді істерге үлес қосып жүрген «Jas Otan» жастар қанатының алдағы бастамаларына сәттілік тіледі. Алдағы уақытта Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті «Jas Otan» жастар қанатының орталығы болатындығын айтты.

Аудан белсенділері арасында «Jas Otan» ЖҚ-ның төрайымы болуға өз кандидатурасын ұсынған «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Қабдоллаева Толғанай бір ауыздан Бостандық аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрайымы болып тағайындалды. Алматы қаласы «Jas Otan» жастар қанаты төраға орынбасары Б.Б.Шербаева Толғанайға арнайы төс белгіні табыс етіп, белсенді жұмыс атқаруға шақырды.

Ауданда орналасқан ЖОО-ның белсенділері жылы лебіздерін айтып, нәтижелі еңбек етуге сенім білдірді.