Главная Новости 8 наурыз Халқаралық әйелдер күніне арналған "Әлемнің жарығы" атты концерттік бағдарлама
03 наурыза 2020                  2363
8 наурыз Халқаралық әйелдер күніне арналған "Әлемнің жарығы" атты концерттік бағдарлама

Гүл жайнаған көктем мен гүлдей құлпырған арулар қашан да бір ұғым іспеттес. Көктем көңілге нұр, жүрекке жыр, кеудеге әсем әуен сыйлайтын мезгіл. Көктемнің алғашқы мерекесі, әйел-ана жаратылысының мейрамы. 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ҚазИТУ-да «Гүл сыйлайық әйелге» атты мерекелік шара өтті. Жастар Ресурстық орталығының белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шара жоғарғы деңгейде өтті.Мерекелік кештің алғашқы шымылдығы "Ана аманаты" атты қойылыммен ашылды.

Аталмыш шарада университет ректоры Г.А.Сарсенбекова оқу ордамыздың аяулы ханымдары мен ару қыздарын мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Одан кейін, университет ер азаматтары ән салып, би билеп , қызықты конкурстар ұйымдастырылып , барлығы нәзік жанды арулардың құрметіне арналды.

Кеш соңы ҚазИТУ ер азаматты қосыла шырқаған «Қыздар-қыздар» әнімен аяқталып, залдағы бараша нәзік жанды аруларға гүл сыйланды.

Университетіміздің барша нәзік жанды ұстаздарын,аяулы қыздарын төл мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!