Главная Новости Сапалы білім жолындағы бірлестік
17 маусым 2020                  318846
Сапалы білім жолындағы бірлестік

17.06.2020ж. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті облыстық Білім Басқармасы қызметкерлері және Алматы облысы колледждерінің басшыларымен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында ҚазИТУ проректоры Д.Б. Ақпанбетов университеттің Білім беру бағдарламалары, стратегиялық даму жоспарларымен таныстыра отырып, басқа да өзекті мәселелер туралы сөз қозғады.

Кездесуге қатысқан білім саласының қызметкерлері биылғы жылғы жоғары оқу орнына қабылдау ережелері мен шарттарына қатысты сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Болашақта жастарға білім беру бағытында еселі еңбек етіп, инновациялық және ғылыми-техникалық қызметте әріптестік байланысты жалғастыруды қолдайтындықтарын білдірді.