Главная Новости Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Білім күніне» арналған салтанатты шара өтті.
2 сентября 2020                  2325
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Білім күніне» арналған салтанатты шара өтті.

Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты онлайн форматта өткен шараға университет басшылығы, профессорлық –оқытушылық құрамы, студенттер мен ата-аналар қатысты.

Салтанатты шараны Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры, қауымдастырылған профессор Г. Ә.Сәрсенбекова ашты. Г.Әлібекқызы университет ұстаздары мен студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен арнайы құттықтап, өз сөзінде: «Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім күні қарсаңындағы Қазақстан халқына жолдауында, адам капиталының құдылығына кең тоқталуында үлкен мән жатыр. Биылғы оқу жылы ерекше сындарлы да, сынаққа толы жыл болғалы тұр. Осы жолда барымызды бағалай отырып, бір-бірімізді қолдайтынымызға сенемін» -деді. Төтенше жағдайға қарамастан студенттердің сапалы білім алуы үшін университет әкімшілігі тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалатынын, жаһандану үдерісінде бәсекеге қабілетті, білімді де білікті, кәсіби шеберлігі жоғары, ойы ұшқыр, өзіндік ғылыми көзқарасы мен пайым-талғамы биік мамандар даярлап, оларға жақсы тәрбие беру үшін университет басшылығы мен оқытушылары барынша күш салатынын жеткізді.

Биылғы оқу жылы университетіміз 40-қа жуық Алтын белгі иегерлерімен, 100-ге жуық республикалық олимпиада, шығармашылық байқаулардың лауреаттары, 200- ге жуық грант иегерлері және 1500- ға жуық білімге құштар жастармен толықты. 100-ге жуық студент 5-100 пайыз аралығында әлеуметтік қолдауға ие болды.

Сондай студенттеріміздің бірі «Биоинженерия және биоинформатика» білім беру бағдарламасының 1-`курс студенті, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ІІІ-дәрежелі диплом иегері, Республикалық ғылыми-жоба байқауларының жүлдегері, «Алтын белгі» иегері Аупикова Аружан өз тілегін білдірсе, ата-аналар атынан Биотехнология мамандығының 1-курс студенті «ҚазИТУ-Зерде» республикалық олимпиадасының жеңімпазы Бекежанова Асель Нұрланқызының анасы Индира Тоқтамысовна «Білім күнімен» құттықтады.

2020- жылы «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша университетімізді сәтті аяқтап, қазіргі таңда "First Invest" инвестициялық тобының директорлар кеңесінің төрағасы, ҚазИТУ түлегі Оболонкин Михаил Николевич салтанатты шараға онлайн қосылып, ҚазИТУ студенті атанған жастарға сәттілік тіледі. Шара соңында білім беру бағдарламалары бойынша студенттер эдвайзерлерімен онлайн конференцияға қатысып, жаңа оқу жылының ұйымдастырылу барысымен танысты.

Білім күні мерекесі құтты болсын! Барша ҚазИТУ ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!