Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Қазақстан халқының тілдері күні
15 сентября 2020                  2282
Қазақстан халқының тілдері күні

2020 жылдың 20 қыркүйегінде "Қазақстан халқының тілдері күні" мерекесі өтеді.

«Қазақстан халқының тілдері күні» ҚР Тұңғыш Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен жарияланды. Мерекенің мақсаты- өз аана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.

Қазақстанда 130-дан астам ұлт бейбітшілік пен келісімде жарқын өмір сүруде, әрбір этностың мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дамытуына, ана тілін үйренуіне толық мүмкіндіктері бар. Сол мақсатта Достық үйлері, этномәдени орталықтар, ана тілін үйренуге арналған жексенбілік мектептер және т.б. құрылған.

ҚазИТУда "Қазақстан халқының Тілдер күні" мерекесі ерекше аталып өтіледі. Пандемияға дейін Тілдер күнін мерекелеу дәстүрлі форматта өтіп келді. Студенттер концерттік бағдарламалар әзірлеп, Қазақстан халықтарының ұлттық тағамдарынан дәм татуға болатын жәрмеңке ұйымдастырылды.

Биылғы жылы университеттің бірінші курс студенттері "Қазақстан халқының Тілдері күнін"мерекелеуге арналған бейнеконцерт өткізеді. Іс-шара екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімді "СӨП", "ТПРП", "ТМО", "ПиА", "ПОВ", "РЭТ", "Информатика" мамандықтарының студенттері өнер көрсетсе, екінші бөлімде «Экономика», «Маркетинг», «Биотехнология» мамандығында оқитын білім алушылардың өнерін 18 қыркүйекте тамашалайтын боласыздар.

Қазақстан халқының тілдер күнімен құттықтаймыз!!!