Главная Новости Жастар Ұйымдары комитетінің кездесуі өтті
16 қыркүйек 2020                  319204
Жастар Ұйымдары комитетінің кездесуі өтті

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Жастар ұйымдары комитетінің жаңа оқу жылындағы алғашқы онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге жастар саясаты департаментінің маманы М.Батай, жастар ұйымдары комитетінің президенті А.Тасымова және жастар ұйымдары комитетінің әр бағыт бойынша жетекшілері М.Талғатқызы, Ш.Тұрсыналы, А.Ердос, Т.Эргешбай, «Жас отан» жастар қанатының Бостандық ауданы бойынша төрайымы Т.Қабдоллева, университетіміздің волонтерлар лигасының төрағасы Д.Төлеубай және белсенділер қатарына қосылғысы келетін 1- курс студенттері қатысты. Кездесудің мақсаты студенттік өмірге алғаш қадам басқан 1-курс студенттеріне Жастар ұйымдары комитетінің жұмысын таныстыру, сол арқылы студенттерді университеттің қоғамдық жұмыстарына тарту және студенттік жылдарды жастар комитетімен бірге қызықты өткізуге шақырып, қоғамда белсенді тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау. Жастар ұйымдары комитеті мемлекеттік жастар саясатын жүргізе отырып,студенттердің оқу-тәрбие шығармашылық және қоғамдық жұмыстары мен айналысатын университеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Комитет құрамына студенттердің университет өміріндегі жан-жақты дамуына, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға және студенттерді әлеуметтік қолдауға арналған шығармашылық, ғылыми, спорттық, мәдени т.б клубтар және студенттік кеңес пен студенттік парламент кіреді.

Кездесу барысында 1-курс студенттері өзерін қызықтырған сұрақтарын қойып, клуб жұмыстарымен танысты. Белсенділер қатарына қосылғысы келетін студенттерден сауалнама алынып, іріктеу жүргізілуде.



Студенттік баспасөз қызметі