Главная Новости Тұғыры биік,туған тіл!
22 қыркүйек 2020                  318947
Тұғыры биік,туған тіл!

«Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығымен бекітілген тізбеге сәйкес қыркүйек айының үшінші жексенбісі «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні» болып белгіленгенді. Осыған орай ҚазИТУ студенттері Қазақстан Халықтарының тілдер күні мерекесіне жыр-шумақатарын арнап, барша халықты тілдер күнімен құттықтады.

Ел президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейту керектігін айтқан болатын. Қазақ тілін ұлықтап, өзге тілге құрмет көрсетуге баулитын бұл шараны жастар ұйымдары комитеті мен әлеуметтік пәндер кафедрасы ұйымдастырды. Қазіргі қашықтықтан оқу жағдайында барлық білім беру бағдарламасының студенттері әр түрлі форматта видеороликтер дайындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. ҚазИТУ студенттерінің тілдер күніне арнаған видеороликтерін біздің әлеуметтік желілерден көре аласыздар. https://www.instagram.com/tv/CFfcu5nh9Es/?igshid=1a46z7xjbt8k4 Қазақстан Халықтарының тілдер күні мерекесі құтты болсын! .