Главная Новости ҚазИТУ-да «ҚР Еріктілер лигасы» ҚҚ-ның филиалы ашылды
23 қыркүйек 2020                  319005
ҚазИТУ-да «ҚР Еріктілер лигасы» ҚҚ-ның филиалы ашылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің белсенді жастарының ұсынысымен биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жарияланған болатын. Бұл – ел жастарына ерекше серпін берген, мемлекет тарапынан жас ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам болды. Осы игі бастамаға үн қосып күні кеше университетімізде «Қазақстан Еріктілер Лигасы» Қоғамдық қорының ҚазИТУ студенттерімен кездесуі өтті.. "Қазақстан волонтерлар лигасы" ҚҚ - бұл әлемге көмек көрсету және оны барынша мейірімді ету ниетімен құрылған еріктілер ұйымы. Біздің елімізде көптеген қоғамдық бірлестіктер бар, олардың қызметі әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға, азаматтық қоғамды дамытуға және қолдауды қажет ететін адамдарға көмектесуге бағытталған. Осындай ұйымдардың бірі "Қазақстан Еріктілер лигасы" ҚҚ болып табылады. Бұл Алматы қаласының ең ірі жастар қозғалысы, оның басты мақсаты - еріктілік қызметті дамыту және халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне қайырымдылық көмек көрсетуге тарту үшін жағдай жасау.