Главная Новости Зертханалық-практикалық сабақ өтілді
07 қазан 2020                  2299
Зертханалық-практикалық сабақ өтілді

«Ас атасы – нан» демек, дәмнің үлкені – нан.

Ежелден түркі тілдес елдер, бауырсақ дайындау технологиясын ғасырлар бойы дамытып келген. Қазіргі таңда қазақ дастарханы мен түркі тілдес елдердің дастарханында көрінетін, жаңартылған бауырсақ түрлері адам ағзасына қажетті қорегі мен қуатын беруде.

«Қарқынды дамып келе жатқан қарбалас өмірде сапасы төмен, химиялық бояғыш заттар мен түрлі дәм арттырғыштар, консерванттар, эмульгаторлар, иіс дамытқыштар күнделікті қабылдап отырған ас арқылы ағзаны улайды, әлсіретеді. Асты дұрыс жаңаша өмірдің қарқынына сай бейімдеп, пайдалы етіп дұрыс қабылдау өзекті мәселелердің бірі. Себеді адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі, дәрумен мен минералды заттардың тағам арқылы толығады.

«Колледж студенттерімен өткізілетін зертханалық жұмыс барысында жүгеріден алынған ұнмен тағамдар әзірленіп, сынақтан өтті. Теория жүзінде өтілген тақырыптар мен онлайн сабақтарды практика жүзінде, яғни зертханалық жұмыс ретінде жүзеге асыруда. Тағам дайындау технологиясы бойынша жұмыстар жасалып, зертханада сабақатар өтілуде.