Главная Новости Спорт – денсаулық кепілі
08 қазан 2020                  318875
Спорт – денсаулық кепілі

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 80 жылдық мерейтойына орай ҚазИТУ футбол алаңында ҚР Ұлттық гвардия ардагерлері мен ҚазИТу колледжі командалары арасында жолдастық кездесу өтті.

Командалар бір-бірімен тәжірибе алмасты. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Кездесу соңында ҚазИТУ колледж директоры М.Х. Шалабаева қонақтарға сәттілік тілеп, алғыс хаттар табыстады.