Главная Новости «Кім? Қашан? Қайда?» интеллектуалды ойыны өтті.
20 қазан 2020                  318991
«Кім? Қашан? Қайда?» интеллектуалды ойыны өтті.

15.10.2020 Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Зерде» интеллектуалды клубы және «Meteor» белсенділер кома «Кім?, Қашан? Қайда?» атты интеллектуалдық ойыны өтті. Интеллектуалды ойынға «Marvelous» және «Elite» коман әр белсенділер тобының студенттері қатысты. Ойын 4 кезеңнен тұрды.

1-кезең «Разминка»

2-кезең «Угадай слово»

3-кезең «Мегамозг»

4-кезең «Мегабойня»

1- кезеңде студенттер логикалық сұрақтарға жауап беріп, ой жүйріктігін көрсетті. 2- кезеңде берілген суреттерді сәйкестендіріп, жауаптарын үш тілде айту керек болды. Бұл кезеңде «Elite» командасы басымдылығын көрсетті.

«Мегамозг» деп аталатын үшінші турда қатысушылар тарихи сұрақтарға жауап берді. Соңғы кезеңде қатысушылар берілген сөзден әртүрлі сөйлемдер құрады. Ойын барысы өте қызықты әрі бәсекелестікке толы болып өтті. Қатысушылар командалық рухты сезініп, сұрақтарға барынша дұрыс жауап беріп, жеңіске жетуге деген талпыныстарын көрсетті.

Барлық кезең бойынша үздік нәтиже көрсетіп, 140 баллмен «Marvelous» командасы жеңіске жетті. Жеңіске жеткен команданы құттықтаймыз! Ал ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!

Студенттік баспасөз қызметі