Главная Новости Республикалық «Менің болашақ мамандығым» интернет-байқауы басталды!
27 қараша 2020                  318911
Республикалық «Менің болашақ мамандығым» интернет-байқауы басталды!

ҚазИТУ колледжі талапкерлердің өз мамандықтарын дұрыс таңдауына көмек беру мақсатында 2021 жылдың талапкерлері үшін Республикалық «Менің болашақ мамандығым» интернет-байқауын өткізеді.

Интернет-байқауға 9-10-11 сынып оқушылары қатыса алады. Байқауға қатысушы талапкерге оқу ақысына 10-50% аралығында жеңілдік ұтып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Қатысу ТЕГІН!

Байқау талаптары:

  • ҚазИТУ колледжінің мамандықтарын таңдау;
  • Тақырыпқа сәйкес эссе жазу;
  • Эссені электронды форматта жазу;
  • Эссе интернет желісінде жарияланбаған болуы керек.

Қатысушылардың жұмысы +77082892284 WhatsApp немесе organization@bk.ru поштасында қабылданады.