Главная Новости «Тұлға» жобасы: Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов
14 декабря 2020                  2322
«Тұлға» жобасы: Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов

Тәуелсіздік күніне орай ҚазИТУ колледжінің «Адал ұрпақ» клубымен ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Тұлға» жобасының кезекті жиыны өткізілді. Кездесу тақырыбы қоғам және мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов.

Кеш қонағы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Сәтбаевтанушы ғалым Өмірбеков Аспандияр Әденұлы. Кездесуге колледж оқытушылары мен студенттері, ғылыми кітапхана қызметкерлері қатысты.

«Тұлға» жобасының мақсаты – қазақ тарихында орны бар танымал тұлғалардың, зиялылардың өмір жолы туралы мағлұмат беріп, білім алушыларды, жастарды Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге, адамгершілікке тәрбиелеу. Кеш модераторы – Исатай А.М.

Кеш қонағы Өмірбеков Аспандияр Әденұлы өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстары, Қожановтың өмір және еңбек жолы, отбасы, қоғам қайраткерінің өмірінің қиын кезеңдері, шығармашылығы жайында терең де мазмұнды баяндама жасады. Кездесу ары қарай студенттермен сұхбатпен жалғасты. Студенттер сұрақтар қоя отырып, өз ойларын да ортаға салды.

Аспандияр Әденұлына          рухани құндылықты жаңғырту мақсатында жастарға берген мазмұнды сұхбаты үшін үлкен Алғыс білдіреміз!