Главная Новости Кәсіптік бағдар беру жұмысы Маңғыстау облысында жүргізілді
25-31 қаңтар 2021                  318945
Кәсіптік бағдар беру жұмысы Маңғыстау облысында жүргізілді

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде қаңтар айында Маңғыстау облысының Білім Басқармасымен келісе отырып қалалық, аудандық мектеп әкімшіліктерімен онлайн ZOOM платформасы арқылы жүргізілді. Бұл жұмысқа Маңғыстау облысының Білім Басқармасы және аудандық білім бөлімінің басшылары мен мектеп басшылары тартылады. 

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал ету мақсатымен ҚазИТУ колледжінің өндірістік оқыту шебері Сарсенов Алтынбек Жарылкапулы Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы, Маңғыстау, Бейнеу аудандарының мектеп әкімшіліктерімен және 9-11 сынып оқушыларымен онлайн кездесулер өткізді. Кездесу барысында ҚазИТУ колледжінің тарихы, артықшылықтары, дайындалатын мамандықтары, жетістіктері мен табысты жұмыстары туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, болашақ мамандардың атқаратын қызметтерінің маңыздылығы туралы, оқу орнының тұрмыс тіршілігі, oқуғa түcу үшін қaжетті құжaттaр, құжаттарды тапсыру мерзімі, талапкерге қoйылaтын тaлaптaр және талапкерлерге арналған іс-шаралар туралы aқпaрaт берілді. Кездесуге қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып және оларға толық жауаптар берілді.

ҚазИТУ колледжі Маңғыстау облысының Білім Басқармасының басшысы Сейдалиев Аскар Абиевичке және аудан бөлімдерінің басшыларына өз Алғысын білдіреді!