Главная Новости Онлайн ашық есік күні өтті!
03 маусым 2020                  318952
Онлайн ашық есік күні өтті!

2 маусым 2020 жылы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде онлайн форматта ашық есік күні өтті.
Шараның басты мақсаты - орта мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына университетті таныстырып, мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру.
Онлайн форматта өткен кездесудің ресми бөлімінде университет ректоры, қауымдастырылған профессор Сәрсенбекова Гүлнәр Әлібекқызы оқушылар, ата-аналар және жетекшілеріне ҚазИТУ- дың маман даярлаудағы бағыты, оқытылатын инженерлік-технологиялық мамандықтардың маңызы мен оқу процесі жайлы толық ақпарат берді.
Сонымен қатар онлайн «Ашық есік күніне» жұмыс берушілер тарапынан биология ғылымдарының докторы, профессор Велямов Масимжан Турсунович қатысып, қазіргі кезде университетті жаңа бітірген маман иелерінен жұмыс барысында қандай талап қойылатындығы туралы айттылды. Қатысушылар тарапынан тікелей эфирден және чаттардан түрлі сұрақтар қойылып, университет тарапынан қанағаттанарлық жауаптар берілді.