Главная Новости Әскери кафедарның жұмысы бойынша семинар өтті.
27 ақпан 2021                  319055
Әскери кафедарның жұмысы бойынша семинар өтті.

Жаңа ұрпаққа әскери – патриоттық тәрбие берудің орны ерекше. Жеке тұлғаларды тәрбиелеуге мемлекеттік сұраныстар, оның олардың азаматтық – патриоттық санасын қалыптастыру Қазақстан Республикасының негізгі құжаттарында баяндалған және ең алдымен патриоттық сезімнің құруы мен дамуының мемлекеттік жүйесі болып саналады.
25 ақпан Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Әскери кафедраның қызметімен танысу және әскери кафедраға түсу ережелерімен таныстыру бойынша онлайн семинар өтті. Семинарға «Сәтбаев университеті» әскери іс институты бастығының орынбасары полковник Қайнарбаев Берік, департамент директорлары, офис-регистратор, эдвайзерлер мен студенттер қатысты. Қайнарбаев Берік студенттерге әскери кафедраның жұмысы, міндеттері мен кафедардаға түсу ережелерімен таныстырды.
Әскери кафедраға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы, сотталмаған, тек қана оқытудың күндізгі түрінде оқитын студенттер түсе алады. Әскери кафедрада оқыту үшін іріктеу ҚР ҚМ әскери кафедраға жыл сайын қабылдау жылының 1 наурызына дейін жолдайтын қабылдау жоспарына сәйкес конкурстық негізде жүргізіледі.
Студенттерді әскери кафедрада оқытуға іріктеу үшін конкурс мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:
1. бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәргерлік сараптаманы жүргізу қағидалары және әскери-дәргерлік сараптама органдары туралы ережеге сәйкес (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары) медициналық куәландырудан өту;
2. екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеуді жүргізу;
3. үшінші кезең – дене дайындығын тексеру.
Құжаттарды қабылдауды және конкурстың бірінші кезеңін өткізуді ұйымдастыру әскери кафедраға жүктеледі,ал екінші және үшінші кезеңдерді іріктеу комиссиясы өткізеді.
Әскери кафедрада оқуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент мынадай құжаттарды тапсырады:
1. Өтініш;
2. Жеке куәлік (түпнұсқа немесе көшірме );
3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа немесе көшірме);
4. 3х4 өлшемдегі 2 фотосурет;
5. Ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың бар болған жағдайда біреуінің не қамқорлықтың (қамқоршылықтың) белгіленуін растайтын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі
6. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №12055 тіркелген) сәйкес нысандағы соттылалғандығы бар болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
7. Спорттық разрядын,ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық не халықаралық конкурсындағы,соңғы үш жыл ішіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиададағы,сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер