Главная Новости ҚазИТУ колледжінің оқытушыларымен студенттері арасында волейболдан жарыс өтті
19 наурыз 2021                  319054
ҚазИТУ колледжінің оқытушыларымен студенттері арасында волейболдан жарыс өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат"  атты  мақаласында Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасы жаңаша әзірленіп, көктем мерекесінің мазмұнын байыту тапсырылды. Осыған орай, ҚазИТУ колледжінде Наурыз мерекесін атап өтудің он күндік мерекелеу іс-шаралар жоспары бекітіліп, іс-шаралар өткізілуде.

19 Наурыз - Спорт күніне байланысты КазИТУ спорт залында, ҚР-ның Президенті Қ. Тоқаевтың тұжырымдамасын жүзеге асыру және спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оқытушылармен студенттер арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа үш команда қатысып, бақ сынасты.

Сайыс қорытындысы бойынша, жеңіске  ВТАиТ кафедрасының құрама командасы жетті. ІІ орынды  ҚазИТУ оқытушылары мен қызметкерлерінің құрама командасы еншілесе, ІІІ орынды ҚазИТУ колледжінің құрама командасы иеленді.

Жеңістерініз құтты болсын!