Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры "Саланың кәсіби маманы" бағдарламасы аясындағы ашық лекция өтті.
21 наурыз 2021                  319004
"Саланың кәсіби маманы" бағдарламасы аясындағы ашық лекция өтті.

ҚазИТУ-да «Өз саласының кәсіби маманы» бағдарламасы шеңберінде, 03.03.2021 ж., химия ғылымдарының докторы, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық ғылыми-техникалық университетінің профессоры Абдиев Қ.Ж. «ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ КИНЕТИКАЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРІ. РЕАКЦИЯНЫҢ РЕТІН АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.

Профессор Абдиев К.Ж. дәрісі фундаменталды химия ғылымдарының бір бөлімі физикалық химияға арналып, егжей-тегжейлі мәселелер қарастырылды: - химиялық жүйенің реактивтілігінің термодинамикалық және кинетикалық критерийлері;

- химиялық реакциялардың жылдамдығы, химиялық реакциялардың механизмдері және оларға әсер ететін факторлар.

Формальды және молекулалық компонент ретінде кинетикалық теңдеулердің екі бөліміне теориялық сипаттама берілген: формальды кинетика эксперименттік мәліметтер негізінде химиялық реакцияларды сипаттаса, реакцияның молекулалық кинетикасы молекулалық мәліметтер негізінде бөлшектердің қасиеттері зерттелетіні көрсетілді. Химиялық реакциялар кинетикасын зерттеу, ең алдымен, химиялық реакциялардың жүруін болжау, содан кейін технологиялық процестерді басқару қажеттілігімен негізделген.

Дәріс заманауи талаптарға сай иллюстрациялық материалмен презентация түрінде өтті. Блок-схема, графика түріндегі көрнекі материал маңызды ақпараттардың мәнін ашты және аудиторияның жеңіл қабылдауына ықпал еттті

Студенттер оқылған дәріске үлкен қызығушылық танытты, оқытушыға сұрақтар қойылды. Студенттер мен оқытушылар сұрақтарына жауап алып, өз пікірлерімен бөлісті. Ақпараттық дәріс 1 сағат 05 минутқа созылды және көптеген жаңа, қызықты материалдармен есте қалды.