12.04.2021ж. күні ҚазИТУ колледжінде «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының топ студенттері арасында, арнайы пәндер оқытушысы А.А.Капарованың жетекшілігімен "JUST DARYN" зияткерлік бейне-байқауы өтті. Бейне-байқау 3 кезеңнен тұрды:
І. "Ойлы болсаң, озып көр"
ІІ. "Ақиқат жеңер жалғанды..."
ІІІ. "TOP V" шығармашылық кезеңі.
Бұл сайыста әділ баға беріп, номинациялар тағайындауға: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – О.М.Төленді, ҚазИТУ колледжінің әдіскері - А.Б.Ақланова, Техника ғылымдарының магистрі, оқытушы - А.С.Ерніс сынды төрешілер өздерінің әділ бағаларын айтып, пікірлерін білдірді .
Аталмыш байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей номинацияларға ие болды:
1-топ. (Б.Тимур, М.Ажар, Т.Дильназ) "Үздік видеоролик"
2-топ. (А.Аяулым., А.Диана және С.Аяулым) "Үздік эксперимент"
3-топ. (А.Зұлқия., Е.Сымбат және Ж.Ақниет) "Үздік топ"
Үш топқа бөлініп, жарысқа түскен студенттер сұрақтарға жауап беріп, видеоролик көрсетіп байқауға жақсы дайындықпен келгендерін дәлелдеді. Жарыс тартысты, әрі қызықты өтті.