Главная Новости ҚазИТУ колледжінің қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы екпе туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
14 сәуір 2021                  318975
ҚазИТУ колледжінің қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы екпе туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2021 жылдың 14 сәуірінде  ҚазИТУ колледжінің медбикесі Зәуре Китайбековна колледж қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы екпе туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Екпенің маңыздылығы мен оның құрамы, жүргізілу тәртібі, сондай-ақ, еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға толығымен тоқталып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Пандемиямен күресудің ең тиімді жолы – вакцина екендігін ескере отырып, ақпараттық оқу материалдары таратылды.