Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Кафедраларда кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілуде
16 сәуір 2021                  319010
Кафедраларда кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілуде

2021 жылдың 14 сәуірінде "әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының оқытушысы Ордаханова А.Б. Қызылорда облысы Шиелі ауылы, А. С. Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейінің бітіруші сынып оқушыларымен ZOOM онлайн-платформасы арқылы кәсіптік бағдарлау жұмысын өткізді.

Онлайн-кездесу барысында 11 сынып оқушыларына ҚазИТУ туралы, университеттің мамандықтары, жетістіктері мен табысты жұмыстары туралы мәліметтер берілді. Сондай-ақ талапкерлерге арналған "ҚазИТУ мектебі" туралы, ЖОО-ға түсу үшін қажетті құжаттар және талапкерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесуге университеттің кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі маманы Ж.О. Шегебаева қатысып, оқушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берді. ҚазИТУ мектеп-лицей директоры А.Б. Карекееваға кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.