ҚАЗИТУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫНА ҚЫЗУ КІРІСТІ
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушылары 6 сәуір күні таңғы сағат 9.00-дан 13.00-ге дейін Талғар аудандық Политехникалық колледжін бітірушілеріне инженерлік және технологиялық мамандықтары жөнінде кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде жүргізіп, кең бағдарлама бойынша: мамандықтар бойынша мастер –класс; кездесу; сұрақ-жауап; презентациялық материалдармен лекция – семинар жүргізді.
Буклеттер таратып, ҚазИТУ-да оқытылатын университет мамандықтарына байланысты қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.

Бітіруші колледж студенттеріне университетіміздің жаңашаланған сайтымен таныстырылып, университет туралы ақпараттармен қамтамасыз етілді. 8-сәуір күні өтетін ҚазИТУ-дың «Ашық есік күніне» шақырылды.

ҚазИТУ ұжымының кәсіби бағдар беру жұмысы әрі қарай жалғасын таппақ.