Главная Новости Ардагерлерді ардақтайық
09 мамыр 2021                  318948
Ардагерлерді ардақтайық

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Нұр Отан партиясысының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ҚазИТУ ректоры Г.А.Сарсенбекованың қолдауымен, Ұлы Отан соғысы ардагерлері биылғы жылы да қалыс қалмады.

Жастар саясаты департаментінің маманы Селбаева Динаш және « ҚазИТУ аруы» байқауының жеңімпазы Алибек Айдана, ҚазИТУ колледжінің оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.М.Чаяхметова, арнайы пәндер оқытушысы Т.Тұтқышбаева, оқу шебері А.Сарсенов Ұлы Отан соғысына 76 жыл толуымен ардагерлерді құттықтады. Бостандық ауданының ҰОС ардагерлері- Н.А.Козючиц, K.Т.Кончиц, А.Тезикбаевқа алғыс хат пен арнайы сый-сияпат ұсынылды.

9-мамыр қазақ даласы үшін Ұлы күн екені сөзсіз. Бұл күн – дара күн, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен дархан даланы бодандықтан азат еткен күн! Әрбір қазақ деп соққан жүрекке еркіндік туын ұстатқан күн!
Ардақты ардагерлерімізді тек сыйлықпен емес, жылы лебіз, жылы сөзбен қуантуға әрдайым дайынбыз! Сол ардақтыларымыздың елім, жерім деп соққан ақ жүрегіне кірбің келтірмей, саусақпен санарлықтай қалған ардагерлерімізді аялайық ағайын.