Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясының өкілдерімен онлайн кездесу өтті
13 маусым 2021                  319259
«Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясының өкілдерімен онлайн кездесу өтті

11 маусым 2021 жыл Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде қазақстандық «Маревен Фуд Тянь-Шань» сауда-өндірістік FMCG компаниясының өкілдерімен онлайн кездесу өтті. Кездесуге компания өкілдерімен қатар, университет басшылығы, кафедра меңгерушілері қатысты.

«Маревен Фуд Тянь-Шань» - Қазақстан Республикасының аумағында және Орта Азия елдерінде азық-түлік өнімдерінің кең ассортиментін әзірлеуге, өндіруге және жылжытуға маманданған қазақстандық FMCG сауда-өндірістік компаниясы. Компания "Роллтон", "BIGBON", "Петра", "Actibo"сияқты танымал брендтерді өндірумен айналысады. Mareven компаниялар тобының өндірістік активтері Украина мен Ресейде де орналасқан. Өнімдер әлемнің 33 елінде сатылады.

Кездесу барысында оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Д.Ақпанбетов университет туралы қысқаша таныстырып, бүгінгі таңдағы университеттегі ғылыми- зерттеу жұмыстары, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі және жұмысқа орналасуы сияқты бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Компания өкілі Елена Хван компанияның жай-күйі, компания қызметінің негізгі бағыттары, оның даму жоспарлары, мансаптық өсу перспективалары мен жаңа әзірлемелер туралы айтып берді. Қазіргі уақытта өндірістік компанияның қажеттіліктері қандай екенін түсіндіріп, жас мамандарды жұмыспен қамту, оларға қойылатын талаптар мен студенттердің өндірістік тәжірибе барысының ұйымдастырылуы жайында баяндап берді.

Компания өкілдері университетте оқытылатын білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытып сұрақтарын қойды. Кездесу нәтижесінде студенттердің компания қабырғасында өндірістік тәжірибеден өтуі жайында бірлескен іс-шаралар мен өзара іс-қимылға қатысу туралы уағдаластыққа қол жеткізу барысы талқыланды.