Главная Новости Дипломдық жұмыстарды қорғау аяқталды
21 маусым 2021                  318954
Дипломдық жұмыстарды қорғау аяқталды

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 2020-2021 оқу жылының бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары бойынша бітіруші дипломдық жұмыстарын қорғауы аяқталды. Оқу үдерісінің қашықтық форматына ауыстыруына байланысты, осымен екінші жыл, дипломдық жобалауды жүргізу, соның ішінде ғылыми жетекшілердің жеке консультациясы және қорғауы онлайн форматында өтті

Студенттер онлайн режимінде дипломдық жұмыстары мен магистрлік диссертацияларын презентация жасау арқылы көрсетіп, қорғау барысында қойылған сұрақтарға байланысты кез келген фрагментін көрсете отырып, нақты және көрнекі түрде жауап бере алды.

Әр кафедра бойынша дипломдық жұмысты қорғау кестесі әзірленіп, қорғау 10 күнге созылды. Дипломдық жұмыстарды қорғау барысына ұлттық университеттердің профессорлары мен жұмыс берушілер қатысты. Және барлық дипломдық жұмысты қорғау тікелей проктордың қадағалуымен өткізілді.

Комиссия дипломдық жобалар мен магистрлік диссертацияларды қорғау бойынша техникалық жұмыстарды ұйымдастыру дайындығын жоғары бағалады. Атап өтетіні, барлық білім алушылар өздерінің диплом жұмыстарын таныстыру үшін жаңа графикалық бағдарламаларды меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті. Онлайн қорғау мүмкіндіктері ақпаратты жылдам және көрнекі беру үшін үлкен мүмкіндіктер бере алады. Қашықтықтан оқыту форматы барлық бітірушілерге, ғылыми жетекшілерге, кафедра оқытушыларына, сондай – ақ болашақ бітірушілердің мүмкіндіктерін бағалай алатын және оларды жұмысқа шақыра алатын құрылыс жобалық ұйымдардың өкілдеріне диплом жұмыстарын қорғау бойынша онлайн конференцияға қосылуға мүмкіндік берді.