Қазақстан инженерлік – технологиялық университетінің «Технологиялық жабдықтар және стандарттау» кафедрасының «Биоинженерия және биоинформатика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Аупикова Аружан және «Азық түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының магистранты Тұрсынбай Айнұр Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық биотехнология орталығында» ғылыми тағылымдамадан өтуде.
«Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны- еліміздің биотехнология саласын мемлекеттік қолдау және дамыту саясатын іске асыратын жетекші биологиялық ғылыми орталық болып табылады. Орталық биотехнология, биологиялық қауіпсіздік және экология саласындағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындайды және үйлестіреді.
Ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан ҚазИТУ студенттері «Ұжымдық қолданыстағы Ұлттық биотехнология зертханасы» және «Қолданбалы генетика зертханасында» ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, өз білімдерін тәжірибе жүзінде жетілдіруде.