Главная Новости 1 қыркүйек – Білім күні!
01 қыркүйек 2021                  318984
1 қыркүйек – Білім күні!

Күздің бірінші күні - еліміздің барлық білім беру мекемелерінде оқудың басталғандығының белгісі. Осыған орай ҚазИТУ колледжінде 1 қыркүйек – Білім күні аталып өтіліп, онлайн түрде іс-шара жүргізілді. Дәстүр бойынша іс-шара «Білім күні» салтанатты түрде ZOOM платформасы арқылы өтілді.

Алдымен құттықтау сөз колледжіміздің диреторы М.Х. Шалабаеваға берілді. Ол студенттерге оқу ордамыздың қызметі мен жетістіктері, атап айтқанда, ұлттық және халықаралық рейтингтердегі жоғары нәтижелер мен колледжде даярланатын кәсіби кадрлардың жақсы деңгейде екені туралы айтып өтті. Сонымен қатар, ҚазИТУ колледжінің «Үздік оқытушы» атағын жеңіп алған арнай пәндер оқытушысы А.А. Капарова мен «Үздік куратор» атанған А.М. Исатай оқытушылар мен студеттерді жаңа оқу жылымен құттықтады.

Аталмыш іс-шараны ата-аналар мен студенттердің жолдаған жүрек жарды тілектерімен қорытындылады. Барлық білім алушыларды білім күнімен құттықтай отырып, жаңа оқу жылында толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!