Главная Новости Кеңейтілген эдвайзерлер жиыны өтті.
14 қыркүйек 2021                  319041
Кеңейтілген эдвайзерлер жиыны өтті.

10 қыркүйек 2021 жыл Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде  кеңейтілген  «Эдвайзерлер кеңесі» өтті. 

Эдвайзерлер кеңесіне ҚазИТУ ректоры Г.Сарсенбекова, оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Д.Ақпанбетов, департамент басшылары, кафедра меңгерушілері мен барлық эдвайзерлер қатысты.

Кеңес эдвайзерлер кеңесі қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері, эдвайзерлердің функционалды міндеттері, қызметтік рейтингтерін бағалау жүйесі, студенттермен тәрбие ісі бойынша өткізілетін әдістемелік материалдардың жасалуы және тағы басқа тақырыптар бойынша өтті.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 2021-2022 оқу жылының форматы, студенттердің ақпарттық платформаларда жұмыс істеуі, эдвайзерлік журналын жүргізу туралы шеберлік сағаты болды. Сондай-ақ, эдвайзерлік сағаттардың кестесі бекітіліп, іс-шаралар жоспары берілді.