Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының Мониторинг және талдау орталығы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ҚазИТУ колледж студенттеріне лекция оқыды.
Аталмыш лекцияны философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы оқыды.
Лекцияның басты мақсаты қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе - діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру имуннитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.