Главная Новости Алма-арасан шатқалына саяхат
30 қыркүйек 2021                  318974
Алма-арасан шатқалына саяхат

ҚазИТУ студенттері жексенбі күндерін пайдалы демалысқа арнады. Жастар ұйымдары комитетінің белсенділерінің ұйымдастыруымен студенттер Алма-Арасан шатқалына барып қайтты.

Алма-Арасан шатқалы Алматыдан 20 шақырым қашықтықта, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағында орналасқан. Ең танымал да әйгілі тау бағдарларының бірі қалаға жақын орналасқандықтан және ғажайып табиғатының арқасында өз маңыздылығын сақтап келеді.

Студенттік өмірдің алғашқы кезеңінде үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан 1-курс студенттері ең алғашқы саяхатта әсем табиғат аясында  бір-бірімен етене танысып-білісті. Ең бастысы – мұндай іс-шаралар студенттердің патриоттық сезімін арттырып, күш-жігерін тасытып, сенімге сенім қосатыны белгілі.

Іс-шараға қатысқан студенттердің көңіл-күйлері мен алған әсерлері тамаша. Алдағы уақытта «KazETU travel» клубы еліміздің көрікті жерлеріне саяхаттарды ұйымдастыратын болады.