Басты бет Студенттерге Студенттік клубтар

Студенттік клуб

WING (World International Student Group) студенттік комьюнити




Клуб жетекшісі

Сыдыкова Жанбота


+7 700 987 4157
  Раз в месяц


Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) Халықаралық ынтымақтастық департаменті аясындағы WING (World International Student Group) студенттік комьюнитиінің ЕРЕЖЕЛЕРІ:


1. Жалпы ережелер

1.1. WING (World International Student Group) студенттік комьюнитиі — Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) Халықаралық ынтымақтастық департаменті жанынан құрылған студенттердің ерікті бірлестігі.

1.2. WING комьюнитиі өз қызметінде төмендегі құжаттарды басшылыққа алады:
• Оқу үдерісін ұйымдастыру туралы Ереже;
• METU тәрбие жұмысының Концепциясы;
• Университеттің халықаралық даму Концепциясы;
• Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі туралы Ереже;
• METU-дің ішкі нормативтік құжаттары.

1.3. WING комьюнитиінің ұраны:
«From METU to the World — One Community. Many Languages. Infinite Horizons»

1.4. Комьюнити шетелдік және жергілікті студенттердің интеграциясын дамыту, халықаралық өзара әрекеттесуді кеңейту, мәдениетаралық байланыстарды нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру және студенттердің академиялық және әлеуметтік ортаға бейімделуіне жәрдемдесу мақсатында құрылды.

1.5. Комьюнити қызметін үйлестіруді Халықаралық ынтымақтастық департаменті жүзеге асырады.


2. Мақсаттары мен міндеттері

2.1. WING-тегі негізгі мақсат

Халықаралық студенттік кеңістікті қалыптастыру, мәдениетаралық коммуникацияны дамыту, METU-дің халықаралық байланыстарын кеңейту және студенттердің жеке әрі кәсіби әлеуетін арттыру.

2.2. Мақсатқа қол жеткізу үшін WING төмендегі міндеттерді орындайды:

• METU-де белсенді халықаралық студенттік қауымдастық құру;
• Мәдениетаралық қарым-қатынас, толеранттылық және жаһандық ойлау дағдыларын дамыту;
• Халықаралық деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастыру (форумдар, кездесулер, мәдени және білім беру жобалары);
• Шетелдік студенттердің академиялық, тілдік және әлеуметтік ортаға бейімделуіне жәрдемдесу;
• Студенттердің бастамашылдығын, көшбасшылық қасиеттерін және креативті ойлау қабілетін ынталандыру;
• METU-дің халықаралық беделін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру;
• Тілдік тәжірибе, мәдени алмасу және волонтерлік жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту;
• Дипломатия, коммуникация, туризм, халықаралық байланыстар және жаһандық трендтер бағыттарында студенттердің құзыреттерін дамыту.


3. Комьюнити қызметін ұйымдастыру

3.1. WING келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

• Комьюнити отырыстары (айына 1–2 рет);
• Шетелдік студенттермен, халықаралық ұйымдар өкілдерімен, дипломаттармен, шақырылған мамандармен кездесулер;
• Білім беру мастер-кластар, воркшоптар, тіл клубтары;
• Мәдени кештер, ұлттық мәдениет күндері, дәстүр алмасу;
• Халықаралық серіктестікке бағытталған жобалық зертханалар.

3.2. Әрбір кездесу алдын ала дайындықты қамтиды:

• Жауапты тұлғаларды тағайындау;
• Ақпараттық материалдарды жинақтау;
• Іс-шара сценарийін әзірлеу;
• Қатысушылар мен шақырылған қонақтарды анықтау;
• Халықаралық ынтымақтастық департаментімен үйлестіру.

3.3. Әрбір іс-шара аяқталғаннан кейін талдау жүргізіледі және есеп дайындалады.

3.4. WING қызметінің бағыттары:

• Студенттік бастамаларды әзірлеу және іске қосу;
• Шетелдік студенттерді қолдау (бейімдеу, кеңес беру, кураторлық сүйемелдеу);
• METU халықаралық бағдарламаларына қатысу;
• Волонтерлік және әлеуметтік жобаларды іске асыру.


4. WING комьюнитиін басқару

4.1. Комьюнити Президент, вице-президенттер және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің кураторы арқылы басқарылады.

4.2. Президент белсенді, көшбасшылық қасиеттері бар, жауапты студенттер арасынан таңдалады.

4.3. WING Президенті — Сыдыкова Жанбота Сәгиқызы, «Туризм» білім бағдарламасының 1 курс студенті.

Ол өзінің бастамашылдығы, жауапкершілігі және халықаралық студенттік өмірге белсенді араласуы арқылы бұл қызметке лайық деп танылды.


WING COMMUNITY Вице-президенттері

4.4. Комьюнити тиімді жұмыс істеуі үшін екі вице-президент қызмет атқарады.


4.4.1. Шетелдік студенттердің вице-президенті

Arwa Ait Benlaassel,
«Программалық инженерия» ББ 2 курс студенті,
Марокко Корольдігінің резиденті.

Arwa шетелдік студенттермен өзара әрекеттесуді үйлестіреді, мәдениетаралық диалогты дамытады және бейімделу үдерістеріне қолдау көрсетеді.
Ол алты тілді меңгерген, халықаралық жобаларға қатысады және METU-дің мультимәдени ортасын нығайтуға үлес қосады.


4.4.2. Комьюнити вице-президенті

Тузубаев Алмат Серікович,
«Туризм» ББ 1 курс студенті.

Алмат комьюнити қызметін үйлестіруге, студенттік бастамаларды дамытуға және іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысады.
Ол — қала чемпионы және республикалық жарыстарға қатысушы, дисциплинасы мен көшбасшылық қабілеті жоғары студент.


4.5. Вице-президенттердің функциялары

Вице-президенттер:
• Комьюнити мақсаттарын орындауға жәрдемдеседі;
• Өз бағыттары бойынша жұмысты үйлестіреді;
• Студенттер мен Халықаралық ынтымақтастық департаменті арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
• Іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;
• METU халықаралық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.


5. WING құрамына мүшелік

5.1. Комьюнити ерікті түрде қызмет атқарады.
5.2. WING мүшесі бола алады — халықаралық және мәдениетаралық қызметке қызығушылық танытқан кез келген METU студенті.
5.3. Мүшелердің міндеттері:
• Осы Положениені сақтау;
• Комьюнити жұмысына белсенді қатысу;
• Халықаралық құрмет, толеранттылық қағидаларын ұстану;
• METU халықаралық бастамаларын ілгерілетуге үлес қосу.


6. Комьюнити қызметін материалдық қамтамасыз ету

6.1. WING университеттің аудиторияларын, жабдықтарын және ресурстарын пайдалана алады.
6.2. Қажет болған жағдайда серіктес ұйымдар мен сыртқы ресурстар тартылуы мүмкін.


7. Қорытынды ережелер

7.1. Бұл Положение Халықаралық ынтымақтастық департаменті бекіткен сәттен бастап күшіне енеді.
7.2. Өзгерістер Президент пен комьюнити кураторының ұсынысы бойынша енгізіледі.

WING COMMUNITY Қатысушыларының тізімі (Қазақша)

Иностранные студенты

ФИО участника Страна
1 Lam Omar
2 Hassan Abdelbaset Egypt
4 Arwa Ait Bin Laassel Morocco
5 Bekbolat Diyar China
6 Tekayev Perman Turkmenistan
7 Erkanat Ayan China
8 Ovoynka Banji Richard Nigeria
9 Ahmed Hassan Egypt
10 Dina Sarycheva USA
11 Medetali Arna China
12 Raimkulov El-Emir Kyrgyzstan
13 Duysenbek Khudakeldi Mongolia
14 Bekbolat Aidana China
15 Daulet Aigerim Mongolia
16 Amanbayev Yunus Uzbekistan
17 Byur Muhammed Fatih Turkey
18 Baker Aibota China
19 Kim Iaan Antonovich Uzbekistan
20 Martsyanov Yaroslav Ukraine

Студенты METU

ФИО участника
1 Өмірзақ Айқын
2 Рустам Арыстан
3 Серік Жәдігер
4 Шадат Азиз
5 Болатбек Манас
6 Думан Аймуратов
7 Тілекқызы Сағыныш
8 Хасенгали Маржан
9 Айтбек Томирис
10 Саденова Дильназ
11 Потапичева Карина
12 Шанчарбаев Амир
13 Нұрланбек Нұрай
14 Ринатқызы Диана
15 Сайлау Аружан
16 Тулеш Бибигуль
17 Сарай Аруна
18 Қосмұрат Ұлбосын
19 Алтынбек Тілеухан
20 Бекболсын Алия
21 Юлдаш Ақмаржан
22 Байдалы Төлеген

Клубтың ережесіне және қойылған мақсаттарға сәйкес клубымыздың іс-шаралар жоспары ұсынылады:

Студенттер қоғамының іс-шаралар жоспары (2025 жылғы қараша – 2026 жылғы мамыр)

Іс-шара тақырыбы Формат Айы
1 Алла Ильчун – Dior-дың қазақ музасы Мәдени іс-шара Қараша
2 Қазақстан Тәуелсіздігі: тарих және құндылықтар Мәдени іс-шара Желтоқсан
3 Әлемді өзгертетін әйелдер Мәдени іс-шара Ақпан
4 Наурыз – дәстүр мен бірлік Мәдени іс-шара Наурыз
5 Ғылым және ғарыш күні Мәдени іс-шара Сәуір
6 Қазақстан халқының бірлігі күні Мәдени іс-шара Мамыр