Студенттік клуб
«BookLab» кітапхана клубы
Клуб жетекшісі
Сагатбек Мейрамбек
+7 700 614 19 96
Раз в месяц
«BookLab» кітапхана клубы
Мақсаты:
- Студенттердің кітап оқу мәдениетін арттыру және оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.
- Кітаппен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, әсіресе оқу, талдау және ой қорыту қабілеттерін жетілдіру.
- Университет ішіндегі және сыртындағы кітапханалармен, мәдени ұйымдармен байланыс орнатып, тәжірибе алмасу.
- Студенттерді қоғамдағы рухани, мәдени және зияткерлік құндылықтарға жауапты көзқараспен қарауға тәрбиелеу.
- Кітапхана форматтарын қолданып, университет ішінде интеллектуалды және мәдени ортаны қалыптастыру.
Міндеттері:
- Кітапқа қатысты іс-шаралар өткізу: Студенттерді әдеби, ғылыми, мәдени бағыттағы кітап оқуларға, талқылауларға және кітап көрмелеріне қатысуға шақыру.
- Оқу және ойлау дағдыларын дамыту: Қатысушылардың мәтінді түсіну, талдау, өз ойын жүйелі әрі еркін жеткізу қабілеттерін дамыту.
- Ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттерін дамыту: Клуб мүшелері іс-шаралар ұйымдастыру арқылы көшбасшылық, коммуникациялық және жауапкершілік дағдыларын меңгереді.
- Қатысушылардың ғылыми және әлеуметтік белсенділігін арттыру: Студенттерді ғылым, мәдениет және қоғамдағы өзекті тақырыптарға арналған кітаптарды оқып, талқылауға тарту.
- Жаңа идеяларды талқылау және шығармашылықты дамыту: Әртүрлі жанрдағы кітаптар негізінде пікір алмасу, сын тұрғысынан ойлау және жаңа идеялар ұсынуға мүмкіндік жасау.
Төрағасы: Сағатбек Мейрамбек Бауржанұлы
Байланыс нөмірі: +7 700 614 1996